
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпиондық жекпе-жегіне неге қатыспайтынын түсіндірді. Бұл туралы ол Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады.
UFC ресми түрде америкалық-палестиналық спортшы Белал Мұхаммадтың чемпиондық белбеуін мамыр айында қорғайтынын жариялады. Оның қарсыласы аустралиялық Джек Делла Маддалена болады. Бірақ бастапқыда бұл жекпе-жекке басты үміткер ретінде Шавкат Рахмонов қарастырылған еді.
Рахмоновтың мәлімдемесі
«Маған титулдық жекпе-жекті бірінші болып ұсынғаны үшін UFC-ге үлкен рахмет! Өкінішке қарай, жарақатыма байланысты мамыр айына дейін жазылып үлгермеймін. Бірақ мен осы жылдың соңында чемпионмен кездесемін!», – деп жазды Шавкат Рахмонов.
Айта кетейік, бастапқыда Рахмонов пен Мұхаммадтың арасындағы жекпе-жек 2023 жылдың желтоқсанында өтуі керек еді. Алайда чемпион денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартқан болатын. Оның орнына ирландиялық Иэн Мачадо Гэрримен шығып төрешілер шешіммен жеңіске жетті.