Цифрлық теңге жобасы қалай жұмыс істеп жатыр

Жарияланды
Цифрлық теңгені экспортер компаниялар сатып ала алады / Фото: shutterstock

Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлттық банкпен бірге цифрлық теңге және цифрлық ҚҚС бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырып жатыр.

Цифрлық теңге деген не

Цифрлық теңге – төл валютамыздың сандық форматтағы түрі. Ол блокчейн технологиясымен жүұмыс істейді. Әзірге экономиканың барлық салаларына енген жоқ, тек пилоттық жоба ғана.

Цифрлық теңгені кім пайдалана алады?

Бұл жобаға экспорттаушы-компаниялар қатыса алады. Сандық валюта экспортерлерге салық режимін жеңілдету үшін керек. Компаниялар ҚҚС таңбаланған цифрлық теңгені екінші деңгейлі банктердің қатысуы арқылы Ұлттық банктен сатып алады.

«Цифрлық теңгенің таңбаланған ҚҚС бөлігі тек бюджет және жеткізушілермен есеп айырысу төлемдеріне бағытталған, одан өзге мақсаттарға немесе қолма-қол ақшаға айналдыруға мүмкіндік бермейді. Цифрлық теңге арқылы жүргізілген барлық транзакциялар, сондай-ақ жеткізушілер бойынша ҚҚС қозғалысы мен бюджетке түскен қаражат туралы ақпарат мемлекеттік кірістер органдарына жеткізіледі», – деп жазылған Қаржы министрлігі жариялаған хабарламада

Цифрлық теңгенің артықшылықтары:

  • ҚҚС төлеу уақыты 55-75 күннен 15 жұмыс күнге дейін қысқарады;
  • Салық тексеру, әкімшілік, қаржылық жүктеме азаяды;
  • Компаниялардың қаржылық жоспарлары жақсарады.

Сандық валюта жобасын Ұлттық Банк 2021 жылдан бастады. Реттеушінің дерегінше, былтыр 238 млрд сандық теңге шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыз