
24 қыркүйекте теңге АҚШ долларына қатысты нығаюын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Kursiv Media. Сағат 11:40-та Қазақстан қор биржасында (KASE) USDKZT_TOM бойынша соңғы мәміле 441,55 теңгеден өтті.
Алдыңғы жабылу бағасы 444 теңге болған. Осылайша доллар 2,45 теңгеге немесе 0,55%-ға арзандады.
Сауда барысында доллардың ең төменгі бағасы 441,30 теңге, ең жоғарысы 444,43 теңге болды. Осы уақытқа дейінгі сауда көлемі 151,46 млн долларды құрады. Сатуға қойылған ең жақын баға (ask) — 441,70 теңге.
Айырбастау орындарындағы бағам
Биржадағы доллар бағамы
24 қыркүйекке Ұлттық банк белгілеген ресми бағам 445,65 теңге. Бұл 23 қыркүйектегі 447,85 теңгеден 2,20 теңгеге төмен.
Демек, таңғы саудада KASE-дегі соңғы баға ресми бағамнан тағы 4,10 теңгеге төмен қалыптасып отыр.
Алматыдағы айырбастау орындарындағы доллар, еуро, рубль және юаньның орташа сатып алу және сату бағамын төмендегі инфографикадан көруге болады. Бағамдар күн ішінде өзгеріп отырады.