Банк пен қаржы

Ұлттық Банк валюталық операциялар бойынша өзгерістер енгізді

Ұлттық банк цифрлық актив
Фото: Асқар Ахметуллин

Қазақстан Ұлттық Банкі валюталық операцияларға қатысты жаңа өзгерістер енгізді. Бұл туралы реттеушінің сайтында жазылған.

  • Енді банктердің валюталық операциялар бойынша есеп беру мерзімі қысқартылады
  • Валюталық заңнама талаптарынан жалтармақ болды деген, қаржылай тексерістен өтуі қажет операциялар тізімі көбейді

Реттеушінің мәліметінше, 2024 жылы Ұлттық қордың валюталық активі 58,8 млрд доллар немесе 30 трлн теңгені құрады. Ал инвестициялық кіріс 4,6 млрд доллар немесе 7,6%-ға тең.

Қор құрылғаннан бері жинақталған кіріс 128%-ды құрайды, ал жылдық мәнде 3,55%-ға тең.

Жаңа банкноталар шығарылады

Сондай-ақ банк басқармасының шешімімен осы жылы 28 наурыздан бастап дизайны өзгертілген жаңа 1000 теңгелік банкнота айналымға шығарылатын болды. Одан бөлек «GRIFFIN» («Көшпенділер аңызы мен мифтері» сериясынан) және «OTYRAR» («Қазақстанды монеталар арқылы зертте» сериясынан) атты жаңа коллекциялық монеталары да жарық көреді.

Былтыр жыл соңында Ұлттық Банк жаңа үлгідегі 2000 мың теңгелік банкноталарды да шығарған. Ол жаппай қолданысқа 2025 жылдың екінші жартысынан кейін беріледі.