Жаңалықтар

АҚШ пен Ресей алдағы аптада тағы да Киевтің қатысуынсыз кездесетін болды

АҚШ пен Ресей алдағы аптада тағы да Киевтің қатысуынсыз кездесетін болды
АҚШ пен Ресей алдағы аптада тағы да Киевтің қатысуынсыз кездесетін болды/Фото: AP

АҚШ президенті Украинадағы соғысты тоқтату бойынша Ресей мен АҚШ арасындағы жаңа келіссөздер кезеңін жариялады. Ал Ресей СІМ Путин мен Трамп саммитіне дайындықтың қызу жүріп жатқанын жеткізді.

Мән-жайы

АҚШ президенті Дональд Трамп C-Span қоғамдық хабар тарату желісінде жарияланған мәлімдемесінде Украинадағы атысты тоқтату бойынша америкалық және ресейлік делегациялар арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі басталғанын мәлімдеді.

Ол келіссөздер бірінші келіссөз өткен орын Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта 25 ақпанда өтетінін хабарлады.

Укриана мен Еуропаның шет қалуы

Алғашқы келіссөздерге бірде-бір украиналық шенеунік қатысқан жоқ. Украина президенті Владимир Зеленский Киев бұл келіссөздерге қатыспағандықтан оның аясында қабылданған нәтижені қабылдамайтынын мәлімдеген.

Украинаның еуропалық одақтастар да келіссөзден шеттетілгеніне наразылықтарын білдірген.

Трамп пен Путин кездесуі

Ал Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің жеке кездесуіне дайындық жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Мәселе екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру бағытына қарай қадам жасау, көптеген өткір және өте қауіпті жағдайлардың шешімін табу, олардың қатарында Украина да бар», – деді ол.

Мәскеу мен Вашингтон өкілдерінің алғашқы келіссөздері еуропалық одақтастарды Зеленскийдің төңірегіне топтасуға мәжбүрледі. Олар Трамптың Мәскеуге бет бұрғанынан, Украинаны қатыстырмайтын Ресейдің мүддесіне сай келетін бейбіт келіссөздерден қауіптеніп отыр.

Трамптың соғысты тоқтату бойынша Ресеймен ғана келіссөз жүргізіп жатқанынан кейін ол туралы түрлі долбар тараған. Солардың бірін Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев айтқан. Ол Трампты Ресей тыңшысы деп атаған.