Ұлттық валюта рубльмен бірге нығайып жатыр

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Теңгенің долларға шаққандағы бағамы нығайды / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 4,20 теңгеге нығайып, 1 доллар 498,69 теңге болды.

Сейсенбі, 25 ақпанда ұлттық валютаның Қытай юаніне шаққандағы бағамы да әжептәуір нығайды (0,9323). Қазір 1 юань 68,6149 теңге тұрады.

Алайда теңгенің рубльге шаққандағы бағамы біршама төмендеп (0,0181), 1 рубль 5,7279 теңге болды.

Теңгенің күшеюіне не себеп?

Ұлттық валютаның бұлайша нығаюына Ресей рублінің күшеюі әсер етті. Сейсенбі күні Форекс халықаралық валюта нарығында АҚШ долларының рубльге шаққандағы бағамы тағы төмендеп, 2024 жылғы тамыздағы көрсеткішке дейін шегінді.

Көрше елде 1 доллар 85,9 рубль тұрады.

RBC мәліметінше, рубль одан әрі де нығая бермек. Бұған экспортшылардың салық төлеміне дайындығы мен қолайлы геосаяси болжамдар әсер етіп отыр.

Бұның алдында Kursiv.Media теңге мен доллар бағамының 2025 жылға арналған болжамын жариялады.

Сондай-ақ оқыңыз