«Курсив» газетінің соңғы саны шықты
Жарияланды
(жаңартылды )

Қазақстандағы ең танымал іскерлік басылымның бірі «Курсив» газетінің соңғы саны шықты.
«Курсив» газетінің шеф-редакторы Татьяна Николаева соңғы санында басылымның жабылу себебін түсіндіріп өтті. Оның пікірінше, пандемия оқырмандарды онлайнға көшуін жеделдеткен.
«Газетке жазылушылар мен жарнама берушілердің саны азайды. Ақылы тарату да құлдырады. Дистрибуция арналары да қалмай барады. «Курсив» те әлемдегі жүздеген басқа басылымдар секілді түйткілдерге тап келді», – деп түсіндірді шеф-редактор.
Татьяна Николаеваның сөзіне қарағанда, газет ұжымы «Курсивтің» қағаз газеті жабылғанымен, онлайн жұмысқа көшпек.
Айта кететін жайт, «Курсив» іскерлік басылымының алғашқы саны 2002 жылы шықты. 23 жылда газеттің 1 073 нөмірі жарық көрді.