Жаңалықтар

Астанада жаңа сараптамалық-талдау орталығы құрылады

Астанада сараптама-талдау орталығы құрылады / Фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан тұрақтылық қоры Астанада сараптамалық-талдау орталығын құрмақшы. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған.

Жаңа орталықтың алдында бірнеше мақсат тұр:

  • макроэкономикалық факторларды кешенді талдау
  • Қазақстан экономикасының салаларын, халықаралық экономиканы дамуын бағалау
  • Қазақстан экономикасы мен оның салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Орталық мамандары дайындаған ұсыныстар мен есептерді Ұлттық Банк басшылығына ұсынады.

Орталықтың құрылуына жауапты Қазақстан тұрақтылық қорының негізгі акционері – Қазақстан Ұлттық Банкі. 2017 жылы Ұлттық Банк басқармасының қаулысымен құрылған.

Тоқаев бұған дейін валюта тұрақтылығы мен доллар бағамына қатысты экономистердің жұмысын сынға алған еді. Тіпті олардың жұмысын орташа деп бағалады.

«Ашығын айтсам, экономист басшылардың қазіргі жұмысын орташа деп бағалаймын. Олар халықаралық қаржы институттарының тілімен әдемі сөйлейді, алайда нақты нәтижесі бар шаруа шамалы болып тұр. Қазір өңірлердегі ахуалды және экономиканың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін жақсы білетін, яғни жергілікті жерде еңбек етіп, ысылған мамандар қажет»,- деп түйіндеді Президент.