Ұлыбритания санкциясына іліккен ресейлік банкир Қазақстандағы компанияларынан бас тартпақ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Игорь Ким
Ресейлік банкир Игорь Ким Қазақстандағы бизнесінен неге бас тартты / Фото ашық дереккөз, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ресейлік банкир Игорь Ким Қазақстандағы «Сейф-Ломбард» ЖШС мен «Береке» микроқаржы компаниясындағы өз үлесінен бас тартатынын мәлімдеді. Ол бұл шешімді Ұлыбританияның оған қарсы салған санкцияларына байланысты қабылдады. Ким – микроқаржы ұйымының негізгі иесі, компания акциясының 98,98%ы- соның меншігінде.

Санкция құрсауы

2025 жылдың 24 ақпанында Игорь Ким Ұлыбританияның Ресейге қарсы салған санциясына ілікті. «Сейф-Ломбард» өзі санкция тізіміне енбеген. Сонықтан, компания иесі Қазақстандағы компанияныі қызметіне шектеу қйылмас үшін, өз үлесін сату туралы шешім қабылдаған. Бұл процесс Қазақстан заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта үлестің кімге және қандай шарттармен сатылатыны белгісіз.

Компанияның қаржы жағдайы қандай?

Компанияның қаржылық көрсеткіштері тұрақты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Сейф-Ломбардтың» таза пайдасы 4,7 млрд теңгені құрады. Компания 15 жыл бойы тұрақты табыс алып отырған. Ал орташа рентабельдік деңгейі 30%-ға жуық. Оның активтері 30,8 млрд теңгені, жарғылық капиталы 2,2 млрд теңгені құрайды.

«Сейф-Ломбард» – Қазақстандағы ломбард нарығындағы төртінші ірі ойыншы. Оның несие портфелі 25,8 млрд теңгені құрайды Компанияның қаржылық тұрақтылығы жоғары, меншікті капиталы 24,3 млрд теңгені құрайды, ал активтері оның міндеттемелерінен 3,5 есе артық.

Игорь Кимнің Қазақстандағы бизнесі

Игорь Ким – Қазақстанда бірнеше қаржы ұйымдарының иесі. Ол «Береке» микрофинанс ұйымының жалғыз акционері. Бұған дейін бұл компания «Сейф-Ломбардқа» тиесілі болған, бірақ 2023 жылдың соңында Ким оны жеке өзіне рәсімдеді. «Береке» МҚҰ активтері 5,6 млрд теңгені құрайды. Бұл компания жақында ребрендинг жасап, атын «Safe Bank» деп өзгетуді жоспарлаған

Банкир Ресей азаматы. Ол ресейлік «Экспо банктің» негізгі акционері саналады.

Сондай-ақ оқыңыз