Сәкен Майғазиев пойызда тамақ пісіріп, Үкіметке налыды

Жарияланды 28 Ақпан 2025 13:04

(жаңартылды 3 Наурыз 2025 05:09)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Сәкен Майғазиев пойызда тамақ пісіріп, Үкіметке налыды / фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Сәкен Майғазиев гастрольдік сапармен Ақтаудан Ақтөбеге пойызбен жол тартты. Алайда пойыздағы жағдай өнер иесін таңғалдырды. Әнші Instagram-дағы сторисінде пойызда асхана болмағанын айтып, өздері тамақ пісіруге мәжбүр екенін көрсетті.

«Пойызда мейрамхана жоқ екен, өзіміз тамақ істеп ішпекпіз» деп жазды Сәкен Майғазиев.

Сондай-ақ әнші пойызда тамақ дайындау сәтінен видео бөлісіп, жолаушылардың көмірмен жанатын пешті пайдаланғанын көрсетіп, үкіметке бір налып күрсініп алды.

фото: instagram saken_maigaziyev

Еске сала кетейік, бұған дейін Сәкен Майғазиев 50 жылдық мерейтойына орай гастрольдік сапармен Қазақстанды аралап жеке кештерін беретіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз