Әйгілі «Шрек 5» мультфильмінің қашан шығатыны белгілі болды

Жарияланды 28 Ақпан 2025 10:01

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Әйгілі «Шрек 5» мультфильмінің қашан шығатыны белгілі болды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Әлемге әйгілі «Шрек» анимациялық франшизасының жалғасы жақында көрермендермен қайта қауышпақ. Universal Pictures студиясы «Шрек 5» мультфильмінің алғашқы трейлерін жариялады.

Жаңа бөлімде Шрек пен Фионаның есейген қызын көре аламыз. Бұл кейіпкерді Голливуд жұлдызы Зендея дыбыстайды. Сонымен қатар, Майк Майерс, Эдди Мёрфи және Кэмерон Диас өз рөлдеріне қайта оралады.

Мультфильмнің премьерасы 2026 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

«Шрек» франшизасының тарихы

Айта кетейік, «Шрек» мультфильмінің алғашқы бөлімі 2001 жылы жарыққа шыққан. Фильм әйгілі америкалық жазушы Уильям Стейгтің кітабына негізделген. «Шрек» үздік анимациялық фильм ретінде «Оскар» жүлдесін иеленіп, жоғары кассалық табысқа жеткен еді.

Еске сала кетейік, наурыз айында Disney-дің «Ақшақар» фильмі қазақ тіліне дубляждалып, экранға шығады.

Сондай-ақ оқыңыз