
«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау 5 наурызда басталады. Бұл туралы «Отбасы банк» төрағасы Ләззат Ибрагимова айттты.
«Келесі жұма, 5 наурыздан бастап «Отбасы банк» порталында «Наурыз» бағдарламасына өтініш қабылдаймыз. Оған барлық қазақстандық қатыса алады. Ал «Наурыз-жұмыскер» бағдарламасына өтініш қабылдау 17 наурызда басталады», – деді банк басшысы.
Бағдарламаға кім өтініш бере алады:
- үй кезегінде тұрған барлық әлеуметтік осал топ өкілдері;
- жас отбасылар;
- тұрғын үй төлемдерін алушылар;
- «Отбасы банк» салымшылары;
- моноқалалар, аудан орталықтары мен ауыл тұрғындары қатыса алады.
Бағдарлама шарттары:
Бұл бағдарламаға қатысу үшін депозит мерзімі маңызды емес. Соңғы 6 ай ішінде ресми табысы болуы қажет.