
Қазақстан азаматтары Африканың Марокко корольдігі арасында визасыз режим жақын күндері күшіне енеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Марокко корольдігінің Сыртқы істер министрі Насер Буритамен кездескен. Кездесу барысында министр жақын арада визасыз режим туралы келісім күшіне енетінін айтып, елдің екіжақты визасыз режим орнатылған Африкадағы алғашқы мемлекет екенін атап өткен.
«Бұл келісім іскерлік байланыстарды дамыту және азаматтар арасындағы байланыстарды кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады», – делінген баспасөз хабарламасында.
Сонымен бірге екі ел арасында визасыз режимнің енгізілуі Марокко мен Қазақстан арасындағы байланысты күшейтіп, түрлі салада ынтымақтастықты арттыруға үлкен мүмкіндік беретіні айтылған. Бұдан бөлек іскерлік байланыстарды нығайтып, туризмді дамыту және азаматтар арасындағы қарым-қатынастарды кеңейтуге оң әсер етпек.
Айта кетейік, екі арасындағы келісімге 2024 жылдың қыркүйек айында қол қойылған болатын.