
Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Әлем кубогінің кезекті кезеңінде алтын медальға ие болды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
«Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды», – делінген хабарламада.
Кошкин 500 метр қашықтықта канадалық Лорен Дюбрель мен нидерландтық Еннинг Де Бооны артта қалдырды. Кошкин бұл қашықтықта – 34,46 секунд, Лорен Дюбрель – 34,51 секунд, Еннинг Де Боо – 34,52 секунд көрсеткен.
Айта кетейік, бұған дейін конькимен жүгіруші ел қоржынына Азия ойындарының күміс жүлдесін түсірген.