Жаңалықтар

Макрон Украинаға қатысты ЕуроОдақ жоспарымен бөлісті

Макрон Украина
Франция президенті Макрон Еуроодақтың Украина мәселесін қалай шешетінін жеткізді / Фото: shutterstock

Франция президенті Эммануюэль Макрон Еуропалық одақтың Украина мен Ресей арасында бейбітшілік орнату үшін қандай қадамдар жасайтынын түсіндірді. ЕО атысты бір айға тоқтатып, Украина жеріне бітімгершілік контингентін жіберуді көздеп отыр. Бұл туралы Франция басшысы Le Figaro басылымына берген сұхбатында айтқан.

Ақ үйдегі жанжалдан кейін ЕуроОдақ жедел жиын өткізіп, Украина мен Ресей арасындағы мәселені шешу жолдарын іздестіре бастады. Басылымның хабарлауынша, ЕуроОдақ Ақ үйдегі келеңсіз жайттардан соң, бұл мәселені көпке созбай шешуге тырысады.

Макрон Еуроодақ 1 айға атысты тоқтату туралы ұсыныс жасайтынын мәлімдеген. Бұл бастаманы ұлыбританиялық әріптесі Кир Стармер де қолдайды. Екі ел өкілдері атысты «ауада, теңіздерде және энергетикалық инфрақұрылымда» бір айға тоқтатуды ұсынбақшы.

Сонымен бірге Укрина жеріне жақын арада еуропалық әскер жіберілмейтінін мәлімдеген. Жауынгерлер бітімгершілік кезеңнің аяғына қарай жіберілуі мүмкін.

«Алдағы апталарда Украина жерінде еуропалық әскер болмайды. Келіссөздерден кейін, бітімгершілікке қол жеткізгеннен кейін, орналастырылуы мүмкін. Біз бейбітшілікті қалаймыз», – деп мәлімдеген Макрон.