ҚНРДА банк пен микроқаржы активтерін сататын электронды алаңның ережелерін өзгертті

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк және микроқаржы активтерін сататын электронды алаңдағы сауда-саттық ережелерін өзгертті. Бұл туралы ұйым сайтындағы хабарламада жазылған.
Ведомствоның ұйғарымымен баға белгілеу бойынша тәртіптер өзгерді. Сауда-саттық өтпеді деп танылса, ең төменгі баға ретінде нысанның нарықтық құнының 70% немесе 50%-ы белгіленеді. Сондай-ақ:
- алғашқы сауда-саттық кезінде сатылып жатқан нысанның ең төменгі бағасы алдымен 50%-ға, содан кейін ғана 100%-ға көтеріле алады
- сауда-саттық үш ретте өткізілмесе ғана (бұрын екі рет өткізілмесе), тікелей атаулы сатуға көшеді
- хабарландыруды бұрынғыдай 15 күн емес 10 күн сайын орналастыруға болады.
- алғашқы сауда-саттық өтпеді деп танылса, екінші сауданы бұрынғыдай 30 күн емес 15 күннен кейін өткізуге болады
«Бұл өзгерістер банктер мен микроқаржы ұйымдарының стрестік активтерді сату процесін жетілдіру мақсатында енгізіледі. Қаулы10 наурыздан бастап күшіне енеді», – деп жазылған агенттік хабарламасында.
Мұндағы стрестік активтер дегенде банктердің проблемалық несиелері, тәркіленген мүліктер және қайта қаржыландырылған борыштар деп ұғуымыз керек. 2024 жылдың нәтижесі бойынша, банк секторындағы проблемалы кредиттердіңүлесі жалпы қарыз портфелінің 3,05%-ын (1,1 трлн теңге) құрады. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 0,16% немесе 230,3 млрд теңгеге өскен.
Жалпы былтырғы қорытынды бойынша, қазақстандық банктердің таза пайдасы 2,56 трлн теңгеге жетті.