
Жас шабуылшы Дастан Сәтпаев Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген тізіміне енді. 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына дайындалып жатқан құраманың қатарына қосылды.
Сәтпаев жақында Лондонның «Челси» клубымен келісімшартқа қол қойып, көпшіліктің назарын өзіне аударды. Сонымен қатар, «Қайрат» сапында Қазақстан Суперкубогында дебют жасап, Премьер-лиганың алғашқы турында гол соғып, клуб тарихындағы ең жас гол авторы атанды.
Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды
Қазақстан футбол федерациясы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын ұлттық құраманың кеңейтілген тізімін жариялады. Бұл тізімге 36 ойыншы енді, дегенмен соңғы құрамы жарияланғанға дейін өзгерістер болуы мүмкін.
Ұлттық құрама наурыз айында сырт алаңда екі маңызды ойын өткізеді. 23 наурыз күні Қазақстан құрамасы Уэльске қарсы ойнайды, ал 26 наурызда Лихтенштейнмен кездеседі.