
Энергетика министрлігі Қазақстан ОПЕК+ке қатысты міндеттемелерін орындайтынын мәлімдеді.
Министрлік хабарлауынша, ақпан айында Қазақстан өз міндеттемелерін орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаған. Ал 2025 жылдың 3 наурызында өткен виртуалды кездесуге қатысып, ОПЕК+ке іретін Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман елдерімен әлемдік нарықтағы жағдайлар мен болашақтағы перспективаларды талқылаған.
«Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өтемақы тетігін қоса алғанда, Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша өз міндеттемелерін әлі де толық ұстанатынын растады», – деп хабарлайды баспасөз қызмеьі.
Министрлік мәлімдемесінде Қазақстанның 2024 жылғы қаңтардан бастап артық өндірілген көлемдер бойынша өтемақы кезеңінің ертерек айларына үлкен жүктемемен жаңартылған өтемақы жоспарын ұсынатыны және өз міндеттемелерін орындау үшін барлық қажетті шаралар қабылдайтыны айтылған.
Айта кетсек, OPEC+ елдері, енді мұнайды төмендетуді емес, арттыруды көздеп отыр. OPEC+ке мүше елдер 2025 жылы 1 сәуірден бастап мұнай өндірісін 18 ай бойы біртіндеп арттырады. Келісімге сәйкес, Қазақстан да мұнай көлемін арттыруы тиіс. Бұл мәлімдемеден кейін әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандап кетті.