Шетелдік маркетплейстерден 50 млрд теңге салық түспек

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General News бөлімінің тілшісі
Шетелдік маркетплейстерден 50 млрд теңге салық түспек / фото: shutterstock

Қазақстанда маркетплейстерден түсетін салық мөлшері артып келеді. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берген Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Қытайлық Temu мен Pindoudou салық төлеушілер қатарына қосылды

Министрдің айтуынша, Қытайдың Temu және Pindoudou платформалары Қазақстанда тіркеліп, қосымша құн салығы (ҚҚС) төлеушілер қатарына енді.

«Біз ешкіммен арнайы келіссөз жүргізбейміз, тек ортақ ережелерді орнатамыз. Маркетплейстер сол ережелерді орындауы керек немесе біздің нарықтан кетеді. Қазіргі уақытта Temu мен Pindoudou шартты тіркеуден өтіп, ҚҚС төлеушілер тізімінде», – деді Жұманғарин.

Жұманғариннің мәліметінше, Қазақстанда электронды сауда платформалары үшін бірыңғай талаптар бар. Атап айтқанда, 200 еуродан және 31 келіден аспайтын сәлемдемелерге арнайы салық салынады. Егер бұл шектен асса, 15% мөлшерінде кешенді кедендік төлем қарастырылған.

– Биыл маркетплейстерден 50 млрд теңге салық түседі деп жоспарлап отырмыз. Бұл тізімге Temu, Alibaba, Amazon және тағы басқа 20-ға жуық компания кіреді, – деп қосты министр.

Электронды саудаға қатысты шағымдар көбейді

Бұған дейін 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда 56 мың тұтынушылық шағым тіркелгені хабарланған еді. Оның ішінде 13 мыңы, яғни 23%-ы электронды сауда саласына қатысты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 144%-ға көп.

Сондай-ақ оқыңыз