«Ақжол» партиясының депутаттары қосылған құн салығын тіркеу шегін сол күйі қалдыруды ұсынды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Азат Перуашев
Азат Перуашев бастаған депутаттар үкімет ұсынысын қолдамады / Фото: akzhol.kz

Азат Перуашев бастаған «Ақжол» партиясының депутаттары қосылған құн салығына тіркеу шегін сол күйі қалдыруды ұсынды. Қазір бұл шек – 20 000 айлық есептік көрсеткішті, шамамен 78 млн теңгені құрайды. Мәжілістің жұмыс тобы партияның түзетуін ұкімет қарауына жіберді.

Бұған дейін ұкімет қосылған кұн салығына тіркеу шегін 3800 АЕК – 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынған.

2025 жылдың 20 ақпанында Ұлттық экономика министрлігі Салық кодексіне енгізілетін өзгерістерді мәжіліс қарауына ұсынды. Бұл өзгерістер ҚҚС шегін азайту және салық мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін көтеруді көздейді.

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев ҚҚС шегін 75–80 млн теңге деңгейінде сақтау қажет деп тұжырымдайды. Сонымен қатар, ол патент негізіндегі салық салу жүйесін жетілдіруді ұсынды.

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, Қазақстанда жеке кәсіпкерлердің 85%-ы жеңілдетілген декларация режимінде жұмыс істеп, жылдық табысы 15 млн теңгеден аспайды. Елде 2,4 млн кәсіпкер тіркелген, олардың 1,8 миллионы – жеке кәсіпкерлер, ал 530–550 мыңы – заңды тұлғалар.

Сондай-ақ оқыңыз