Таиландта 50 жыл бойы оқушылардың шаш үлгісіне шектеу қойып келген ереже күшін жойды

Таиландтың Жоғарғы әкімшілік соты білім министрлігі 50 жыл бұрын енгізген оқушылардың шаш үлгісін шектейтін ескі қаулының күшін жойды, деп хабарлады The Thaiger басылымы.
Сот 1975 жылы енгізілген қаулыны Конституция кепілдік беретін жеке бостандықтарға қайшы, қазіргі қоғам талаптарына сәйкес келмейді деп тапқан.
Аталған директива білім министрлігінің қарамағындағы мектептердегі ер және қыз балалардың шаш үлгісіне қойылатын талаптарды белгілеп келген.
Оған сай, ер балаларға сақал мен мұрт қоюға тыйым салынып, шаштарын қысқа ұстау міндеттелсе, қыз балаларға шаштарын құлақтан төмен өсіруге немесе макияж қолдануға рұқсат берілмеген. Бұл ереженің мақсаты – студенттерді өз отбасылары мен елі үшін үлгілі азамат етіп тәрбиелеу болатын.
Талап алғаш рет 1972 жылы әскери хунта енгізген бұйрықтан бастау алған. Алайда сот әскери бұйрық та, министрліктің қаулысы да оқушылардың мүддесін қорғамайтынын мәлімдеді.
Таиландта бір ереже күшін жойса, екіншісі енгізілгелі жатыр. Әрине, жаңа ереже мектеп оқушыларына қатысты емес, шетелдік туристерге салық енгізумен байланысты.