
Бүгін, 7 наурыз, футзалдан EURO-2026 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Албания құрамалары арасындағы ойын өтеді.
Матч қашан және қайда өтеді?
Кездесу Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында сағат 19:00 де өтеді. Сондай-ақ, тікелей эфирді Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Турнир кестесіндегі жағдай
Төрт турдан кейін 6-топтағы командалардың жағдайы келесідей:
- Армения – 10 ұпай
- Қазақстан – 7 ұпай
- Албания – 3 ұпай
- Дания – 3 ұпай
Қазақстан құрамасы бұл матчта жеңіске жетіп, турнирлік кестеде өз позициясын нығайтуды көздейді.
Еске сала кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 23 наурызда және 26 наурызда ойындар өткізеді.