Шымкенттен Мюнхенге ұшатын жаңа рейс ашылады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Шымкенттен-Мюнхен бағытында ұшатын жаңа рейс ашылады / Фото: kursiv.media архив

Шымкент қаласынан Германияның Мюнхен қаласына жаңа әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Отандық әуе компания биылғы мамырдан бастап Германияға қатынайтын жаңа әуе маршрутын іске қосады», – делінген баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше 27 мамырдан бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясының әуе кемесі Шымкент – Мюнхен бағытында ұша бастайды. Әуе ұшақтары аптасына 3 рет, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері қатынайды. Нәтижесінде Қазақстан мен Германия арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 11-ден 14-ке дейін артады.

Айта кетейік, SCAT әуекомпаниясы 2024 жылдың күзінде Камбоджа бағытына ұшатын жаңа рейс ашқан болатын.

Ал 29 қаңтарда Air Astana әуе компаниясы Алматыдан Үндістан қаласы Мумбайға қатынайтын жаңа рейс ашылғанын хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз