Германиядағы ереуіл: мыңдаған рейс кешігіп, жарты миллион адам жолдан қалады

Жарияланды 7 Наурыз 2025 18:19

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
Германиядағы «әуежайлар дүйсенбі күні жұмыс істемейді / фото: REUTERS/Ayhan Uyanik

Германиядағы ең ірі әуежайларда 24 сағатқа созылатын ереуіл салдарынан мыңдаған әуе рейсі орындалмай, жарты миллионнан аса жолаушы зардап шегеді. Қазақстаннан Германияға аптасына 11 рейс қатынайды.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Verdi кәсіподағы әуежай қызметкерлерін дүйсенбі күні көшеге шығып, ереуілге қатысуға шақырды.

Германия әуежайлар операторы қауымдастығы жұмысшылардың наразылық акциясынан шамамен 510 мың жолаушы зардап шегіп, 3 400-ден аса рейс орындалмай қалатынын мәлімдеді.

«Дүйсенбі күні Германия әуе қатынасы тұралап қалатын болды», – деп жазылған қауымдастық мәлімдемесінде.

Франкфурт әуежайының өкілдері 10 наурызда Германияның ең хабы рейс орындамауы мүмкін екенін ескертті. Мюнхен, Штутгарт, Кельн/Бонн, Дюссельдорф, Дортмунд, Ганновер, Бремен, Гамбург, Берлин және Лейпциг-Галле әуежайлары да ереуілден зардап шегуі мүмкін.

Кәсіподақ жалақыны 8 пайызға көтеруді талап етіп отыр. Алайда жұмыс беруші оны қабылдамай тастаған.

Қазақстан мен Германия арасында аптасына 11 рейс орындалады. Жақында олардың санын 14-ке дейін арттыру көзделіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз