Алматы полициясы 8 наурыз мерекесіне ерекше құттықтау жасады (видео)
Жарияланды
(жаңартылды )

Алматы полициясы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай креативті құттықтау дайындады. Құқық қорғау органдары мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін ерекше әдіс ойлап тауып, полиция көліктерімен «сегіз» санын жасап, әуеден әсерлі видео түсірді.
Бұл ерекше құттықтау бейнежазбасын полиция департаменті бөлісіп, «Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!» деген жылы лебізбен жариялады.
Мерекеге орай 20 полиция көлігі Медеуде сап түзеп, 8 санының пішінін жасады. Биіктен түсірілген кадрлар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызығушылық тудырып, көпшіліктің оң бағасын алды.