Петропавлда Ұлттық ұлан офицері қаруланған бұзақыны тоқтатты

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Офицер Нацгвардии обезвредил вооруженного пистолетом хулигана в Петропавловске
Ұлттық ұлан офицері қаруланған бұзақыны тоқтатты / фото: Ұлттық ұлан

Петропавл қаласында Ұлттық ұлан офицері қаруланған бұзақыны тоқтатты. Бұзақы көшеде өтіп бара жатқан адамдарды қару кезеп қорқытқан. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлайды.

Оқиға кешкі уақытта болған. Капитан әскери қызметтен тыс уақытта туыстарынан қайтып келе жатып, аулада қолында тапаншаға ұқсас заты бар, мас адамның адамдарға қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын байқайды. Әскериді көрген бұзақы тапаншаны офицерге қарай бағыттаған.

Алайда капитан шұғыл әрекет етіп, жедел қимылмен қарсы шабуыл жасап, бұзақыны жерге құлатып, оны қозғалыссыз күйде ұстады. Ол бұзақыеы полиция қызметкерлері келгенше бақылауда ұстап, кейін құқық қорғау органдарына тапсырды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз