Жаңалықтар

Түркістан облысында экстремистік материалдар таратқан күдіктілер тобы ұсталды

Күдіктілерден діни әдебиет, есірткі құралдары табылды /Фото: Copilot нейрожелі, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Түркістан облысында діни алауыздық тудырып, экстремистік материалдарды таратқан күдіктілер ұсталды. Ішкі істер органының хабарлауынша, күдіктілер әлеуметтік желі арқылы діндегі азаматтарды қорлайтын сөздер жариялап  отырған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің бұл топқа радикалды діни көзқарастары бойынша біріккені анықталды. Олар әлеуметтік желілерде басқа діндегі азаматтардың қадір-қасиетін және діни сезімдерін қорлайтын сөздер жариялап отырған. Сот бұрын экстремистік деп таныған аудио және бейнематериалдарды халық арасында таратқан»,– делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Күдіктілердің тұрғылықты жері мен жұмыс орындарын тінту барысында 20-дан астам діни әдебиет, есірткі құралдары табылған. Бұдан бөлек, оқ-дәрілер, заңсыз сақталған қару және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Ал топ жетекшілері соттың санкциясымен қамауға алынды.

Осылайша экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері ҰҚК-мен бірлесіп, құрамында Мақтаарал ауданының тұрғындары бар радикалды діни топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты. Ведомство қылмыстық әрекеттердің барлық мән-жайын анықтап, жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Өткен жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті діни экстремизмге балалар мен жасөспірімдердің тартылып жатқанына қатты алаңдаушылық білдіріп, қоғамға ой салу үшін «Арбау» атты арнайы репортажын жариялаған еді. Мәліметтерге сүйенсек, 2023 жылы деструктивті әрекет үшін 43 адам сотталса, соның екеуі – кәмелет жасына толмаған жеткіншекте