Мұса Әбдірайымов Алматы әуежайында кепілдікке алынған қызбен кездесті

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Әбдірайымов кепілдікке алынған қыздың жағдайы жақсы екенін жеткізді / Фото: instagram.com/ abdraimov_musa

Алматы әуежайында ерлік көрсеткен Мұса Әбдірайымов кепілдікке алынған қызбен кездесті. Ол бұл сәтті өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Кешегі әуежайда болған жағдайды бәріңіз көрген боларсыздар, бүгін қарындасымыздың жағдайын біліп қайттық. Аллаһқа шүкір бәрі жақсы,көрер күніміз жақсылық болсын ағайын!», – деп жазды ол.

Еске салайық, 7 наурыз күні Алматының әуежайында ер адам әуежай қызметкеріне пышақ тақап, кепілге алған еді. Пышақпен қаруланған ер азамат әуежайды жарып жіберетінін айтқан

Мұсa Әбдірайымов кепілге алған қызды құтқарып, пышақты тартып алған болатын. Бұл оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерлік жасаған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

Сондай-ақ Алматы қалалық полиция департаменті шу шығарған адам осыған дейін қоғамдық көліктердің бірінде қызға шабуыл жасағанын хабарлады.  

Оқиғада ерлік танытқан Мұса Әбдірайымов «Жігіттер» тобының продюсері Ерғали Әбдірайымовтың бауыры, әнші Бағлан Әбдірайымовтың ағасы болып шықты.

Сол күні-ақ ерлік көрсеткен Мұса Әбдірайымов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыз