Көктемгі каникул. Оқушылар неше күн демалады?

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Көктемгі каникул
Көктемгі каникул кезінде балар 11 күн демалады / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Мектеп оқушылары көктемгі каникул кезінде 11 күн демалады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

«Көктемгі каникул кезеңі 2025 жылдың 21 наурызы мен 2025 жылдың 31 наурызын қоса алғанда, он бір күнге жалғасады», – делінген министрлік хабарламасында.

«Наурызнама» онкүндігі

Министрлік мектеп оқушыларының көктемгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын әзірлеген. Жоспарда 1-4 сынып оқушыларына, 5-9 және 10-11 сынып оқушыларына арналған гайдбук та бар.

Оған сәйкес, әр демалыс күні Наурызнаманың онкүндігімен байланысты шаралар ұйымдастырылады. Әсіресе, қоғамның маңызды аспектілері саналатын отбасылық құндылықтарға, мәдениетке, ұлттық дәстүрлерге, қайырымдылыққа, спортқа мән берілді. Аталмыш шаралар мектептерде ұйымдастырылады.

Қандай шаралар ұйымдастырылады?

Сонымен бірге театр фестивальдері мен қойылымдары, шеберлік сабақтары, қауіпсіздік сабақтары өтіп, мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар, спорттық ойындар, қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар ұйымдастырылады.

Каникул күндерінің басталуына байланысты министрлік ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беру қажет екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыз