Қазақстанда шоколад бағасы күрт қымбаттады

Қазақстанда шоколад бағасы рекордтық көрсеткішке жетті. Биыл жыл басында бағаның өсуі соңғы тоғыз жылда болмаған ең жоғары деңгейге жетті.
Ресми статистикаға сәйкес, ақпан айында шоколадтың бағасы айлық көрсеткіш бойынша 4,5%-ға қымбаттаған. Ал соңғы 13 ай ішінде бағаның орташа өсу қарқыны 1,8%-ды құраған.
Бірінші несие бюросы, қаңтар айына қарай бағаның өсу қарқыны бірден 2,7 пайыздық пунктке жетіп, 2015 жылдың қарашасынан бергі ең жоғары деңгейге жеткенін мәлімдеп отыр.
«Жағдай күрделі көрінеді: бағаның бұлайша ұзақ уақыт бойы айтарлықтай өсуі кем дегенде 2011 жылдың қаңтарынан бері болмаған. Жалпы, 2024 жылдың ақпанына қарай шоколадтың бағасы 25,1%-ға өсті», – деп атап өтті сарапшылар.
Мамандар бағаның күрт қымбаттауын Батыс Африкадағы құрғақшылықпен байланыстырып отыр, себебі бұл аймақ әлемдік какао-бұршақ экспортындағы негізгі үлеске ие.
Министрдің уәдесі орындалмады
Мұның алдында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қазақстандықтарды кейбір кондитер өнімдерінің шикізатын жеткізуде кілтипан бар екенін мойындаған болатын. Алайда «баға күрт өспейді» деп сендіріп еді. Тіпті министр қазақстандықтарды Марс жемеуге шақырды. Оның орнына отандық өнімдерді тұтынуға кеңес берген болатын.