Алдағы уақытта Шымкенттен Сеулге тікелей ұшуға мүмкіндік туады
Жарияланды

Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту әрі қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмысы аясында Шымкент – Сеул бағыты іске қосылатынын хабарлады.
Бағытты биылғы 29 мамырдан бастап SCAT әуе компаниясы жүзеге асырады. Рейстер аптасына, екі рет, сейсенбі және жұма күндері орындалады.
Осының арқасында, Қазақстан мен Корея арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 8-ден 10-ға дейін артады.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіліп отыр.
Бұған дейін, Шымкент-Мюнхен бағыты ашылған болатын.