Жаңалықтар

Дүкен сөрелерінде Қазақстанда өндірілген сүт өнімдерінің үлесі қанша

сүт
Дүкен сөрелеріндегі азық-түлік қайдан / Фото:shutterstock

Дүкен сөрелерінде тұрған сүт-айран өнімдерінің 90%-ы – Қазақстанда өндірілген. Ал өңірлерде бұл үлес 100%-ға дейін жетіп қалады.

Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев осылай деп тұжырымдайды. Бұл туралы ол Сенат кулуарында айтты.

«Ішкі сауда ережелеріне сәйкес, Қазақстанда өндірілген тауарлар, бірден көз түсетін жерде орналасуы керек. Отандық сауда субъектілерін қолдау мақсатында қабылданған ережеге сай, отандық азыл-түлік өнімдері 50%-дан, азық-түлік емес өнімдер 20%-дан кем болмауы тиіс», – деді ол.

Сонымен қатар Сауда министрлігінің шенеуніктері биыл жазда қант тапшылығы болмайды деп сендіріп отыр. Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, Үкімет өткен жылдардағы қатесінен сабақ алып, биыл қант өндірісін көтейту жұмыстарын атқарып жатыр.

Жыл басынан бері халық көп тұтынатын азық-түліктің барлығы дерлік қымбаттаған.