Данияр Елеусінов UFC басшысы Дана Уайтпен келісім-шартқа отырды

Жарияланды 13 Наурыз 2025 20:44

Меліс Сейдахметов

Меліс Сейдахметов

General news бөлімінің тілшісі m.seidakhmetov@kursiv.media
Данияр Елеусінов UFC басшысы Дана Уайтпен келісімшартқа отырды
Данияр Елеусінов UFC басшысы Дана Уайтпен келісім-шартқа отырды/Фото: Stephen McCarthy/Getty Images

Бокстан олимпиада және әлем Данияр Елеусінов UFC басшысы Дана Уайт жуырда құрған боксерлік промоутерлік орталықтың спортшысы атанды. Бұл туралы All Stars Boxing промоушені хабарлады.

«Данияр Елеусінов Дана Уайттың жаңа бокс промоушеніндегі алғашқы қазақстандық боксшы» делінген жазбада.

5 күні құрамына UFC және WWE кіретін TKO Group Сауд Арабиясының ойын-сауық басқармасымен жаңа бокс промоушенін құру туралы көп жылдық келісімге келген. Дана жылдар бойы жекпе-жек индустриясында өзіне тең келетін ешкім жоқ екенін дәлелдеп келе жатқандықтан, бокс әлемі бұл одақты өте перспективалы деп бағалап жатыр. Ал одақты қадағалайтын Саудиялық басқарма басшысы Турки Аль аш-Шейхтың ақшасы промоутерлік орталықта ең батыл идеяларды жүзеге асыруға көмектеседі деп күтіліп отыр.

Данияр Елеусінов 2016 жылғы Олимпиада ойындарының, 2013 жылғы әлем біріншілігінің чемпионы. Кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған. Былтыр қыркүйекте филиппиндік боксшымен шаршы алаңға шығып, жеңіске жеткен.

Сондай-ақ оқыңыз