Бұрынғы полиция қызметкері Halyk Bank басқарма құрамына енді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: Қостанай облыстық полиция департаменті

Halyk Bank басқарма құрамы өзгеріп, оған Тілеген Маткенов мен Андрей Заварзин енді. Директорлар кеңесінің шешімімен екеуі де басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды. Енді банктің басқарма құрамы 9 адамнан тұрады.

Тілеген Маткенов 2019-2022 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы қызметін атқарған. 1984-1986 жылдары КСРО қарулы күштерінде қызмет етіп, кейін полицияға ауысқан. 2014 жылы генерал-майор атағын алған.

Ал Андрей Заварзин Halyk Bank-тің еншілес ұйымы – «Қазтелепорт» компаниясының директорлар кеңесі құрамына кірген.

Қазақстан қор биржасындағы хабарламаға сәйкес, банктің басқарма құрамына Маткенов пен Заварзиннен бөлек, Үміт Шаяхметова, Ольга Вурос, Мұрат Көшенов, Роман Машчык, Нариман Мұқышев, Ертай Сәлімов және Даурен Сартаев енген.

Сондай-ақ оқыңыз