Алматы әкімі Ерболат Досаевтың әйелінде тағы бір жаңа компания пайда болды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Гүлнар Досаеваға тиесілі жаңа компания тіркелді / Фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Астана халықаралық қаржы орталығында AZM Zhaltyrbulak Limited атты жаңа компания тіркелді. Оның қатысушыларының арасында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева да бар.

Компания акционерлерінің қатарында бизнесмен Берік Қаниев (Forbes тізімінде 29-орында, 2024), Юрий Пак (Forbes тізімінде 73-орын, 2024), Гауһар Қаппарова (Forbes тізімінде 66-орында, 2024) және Бауыржан Жамалов та бар. Компанияның тағы бір акционері және басқарушы директоры ретінде Әлімбек Сейдуалиев көрсетілген. Ол Досаевтарға тиесілі тағы бір актив Tin One Mining-тің директорлар кеңесінің құрамына кірген.

Компанияның жарғылық капиталы 186 981 млн теңге құрайды.

«Жалтырбұлақ» 2015 жылы негізі қаланған. 2024 жылға дейінгі келісімшарт бойынша, Қарағанды облысында тотыққан кен өндірді.

Алматы әкімінің әйелі Гүлнар Досаеваға тиесілі компания бұл ғана емес. Сәнді киімдер мен аяқ киімдер дистрибьюторы болған GandG Гламур компаниясы да тиесілі.Сондай-ақ «Дара» қайырымдылық қорының құрылтайшысы.

Сондай-ақ оқыңыз