Алаяқтарға алданып қалғандар несиесін төлемесе болады

Мәжілісте Қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасы қаралып жатыр. Оған сәйкес несие беруге қатысты бірқатар талаптар өзгереді.
Жаңа құжат бойынша:
- Несие беруге қойылатын талаптардың қатаңдайды. Егер банктің қарыз шарты заң бұзушылықтармен рәсімделсе (мысалы, тіркелмеген мобильді нөмірлер арқылы немесе қарыз алушының биометриялық сәйкестендіруінсіз), мұндай шарттардың заңсыз деп танылады.
- Алаяқтық жолмен рәсімделген несиелер бойынша қарызды өндіріп алу тоқтайды. Егер несиеге қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалса, банк қарызды өндіріп алуды тоқтатуы керек.
- Азаматтық сот тәртібімен қарызды өндіріп алуға тыйым салынады. Егер қарыз алушы алаяқтық іс бойынша жәбірленуші ретінде танылса, банк оған қарсы сотқа шағым түсіре алмайды.
«Бүгінде алаяқтардың құрбаны болған азаматтар банктерден өздері ресімдемеген несиелерді өтеу туралы талаптар алып жатады. Бұл банктердің жеке деректерге қолжетімділігі салдарынан орын алуда. Мұндай жағдайларда банк шығынға батпайды, керісінше, зардап шегетін – клиенттер. Ал ашықтықтың, дәлірек айтқанда, одан түсетін пайданы банктер өздеріне алады. Біз ұсынған өзгерістер осы әділетсіздікке нүкте қойып, азаматтардың құқықтарын қорғаудың нақты тетіктерін енгізуді көздейді», – деді депутат Айдарбек Ходжаназаров заң жобасы жайлы.
Айта кетейік, заң жобасын жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Азаматтардың жеке есепшотына қол салып, қаржысын жымқыратын алаяқтар да тоқтар емес. Кейбірі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ұлттық банктің қызметкері атын жамылып та алады.