
Мұхаммед пайғамбардың сақабасы Мұғауия ибн Әбу Суфьян туралы қымбат араб сериалы Тауя Шығыстағы бірқатар мұсылман елдерінің сынына ұшырады. Фильмде мұсылмандардың VII ғасырда сүннит пен шиит ағымдарына бөліну тарихы баяндалады.
Ең қымбат араб сериалы
Сауд Арабиясының MBC телеарнасы «Мұғауия» сериалын мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы қарсаңында түсірген. Сериалға 100 млн доллар бөлінген.
Телеарна сериалды наурызда көрсете бастады. Әдетте мұсылман елдері қасиетті Рамазан айына ондаған шоу-бағдарлама дайындайды. Миллиондаған көрермен оны ауыз бекіткен уақытта тамашалайды.
«Мұғауия» сериалына кімдер қарсы?
Сериалда басты кейіпкер Мұғауия мен пайғамбардың күйеу баласы Әли ибн Әбу Тәліп арасындағы күрес бейнеленген.
Әбу Тәліпті мұсылман шииттер құрмет тұтады. Шииттер немесе шиит Әли – Әлидің жақтастары дегенді білдері. Шиитер мұсылман қауымын пайғамдардың туыстары басқаруы керек деп есептейді. Сүнниттер Әли мәлімдемесін қолдамайды.
Мәліметтерге қарағанда, әлем мұсылмандарының басым бөлігі сүннит ағымын ұстанады. Мұсылмандардың шамамен 10-15 пайызы – шииттер. Иран, Ирак және Бахрейн елдерінде шииттер көп.
Таяу Шығыста орналасқан осы елдер «Мұғауия» сериалына қарсы шықса, Иран мен Ирак оны ел аумағында көрсетуге тыйым салды. Ресми Бағдат шоуды «қоғам тыныштығын бұзады» деп атады.
Мысыр режиссері Тунисте араб актерлерінің қатысуымен түсірген бұл сериал әуелі 2023 жылы көрсетілуі тиіс болған, бірақ премьерасы кейінге шегерілген. Оған мұсылман сүннит әлемінің жетекшісі саналатын Сауд Арабиясының шиитер мекендейтін көршілес елдермен қарым-қатынасы салқын тартуымен байланыстырады.
«Содан бері шамамен 14 ғасыр өтсе де сүнниттер мен шииттер ерте ислам дәуірі, соның ішінде Мұғауия ибн Әбу Суфьян бейнесі туралы дауласын доғарар емес», – дейді Лондондағы институттың аға ғылыми қызметкері Х. А. Хеллиер Financial Times басылымына.
Мысырдағы Әл-Әзхар университетінің ғалымы Мұғауияны кинода бейнелеу «дінге жат» деп мәлімдеді. Тағы бір дін қызметкері сериалды «күпірлік» деп атады.

Көрермендер де басты кейіпкердің сериалда қалай бейнеленгенін сынап жатыр. Олардың пікірінше, шоу Мұғауия туралы тарихи деректерді бұрмалайды.
Мұсылмандардың кейбірі Мұғауияны жартылай жалаңаш көрсеткенін қарсы шықты. Ал әлеуметтік желі қолданушылары болса басты кейіпкердің анасы Victoria’s Secret көйлегін киіп, нәрестесін Zara Home жаялығына орағанын аңғарып үлгерген.