Роза Рымбаева Алматыда Көрісу күніне орай өтетін концертке қатысады

Жарияланды 13 Наурыз 2025 17:07

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Көрісу күні мерекесіне орай концерт өтеді / Фото: ашық дереккөз, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

14 наурызда Алматыда «Көк-Төбеде» халық Амал мерекесі – Көрісу күнін атап өтеді. Мерекеге орай өтетін концертке Роза Рымбаева және өзге де эстрада әншілері қатысады.

Дәстүр бойынша, Көрісу күні адамдар бір-бірімен құшақтасып, қол алысып, үлкендерге құрмет көрсетеді. Мерекені атап өту мақсатында ашық аспан астындағы концерт 14 наурыз күні сағат 11:00-де басталады деп жоспарланған. Сахнада Роза Рымбаева, Жанар Айжанова, «Жігіттер» тобы, Айгүл Қосанова, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері және басқа да танымал өнерпаздар өнер көрсетпек.

Мерекеге орай сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін «Көк-Төбе» аспалы жолы (канатная дорога) тегін қызмет көрсетеді. Алайда, халықтың көп жиналуына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды.

Айта кетейік, 14 наурыз күні Қазақстанда жалпыұлттық «Наурызнама» онкүндігі басталады

Көрісу күні – қазақ халқының ежелден келе жатқан достық пен бірлікті, ағайын арасындағы сыйластықты дәріптейтін мейрам. Бұл күн әр жылы 14 наурызда атап өтіледі. Әсіресе, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау өңірлерінде кеңінен тойланады. Кейінгі жылдары бұл дәстүр еліміздің басқа да аймақтарында белсенді түрде жаңғырып келеді. 

Сондай-ақ оқыңыз