Мұғалімдердің аттестациясына өзгеріс енді

Қазақстанда педагогтердің аттестациялау процесі автоматтандырылып, ашықтық арта түседі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ұстаз» ұлттық платформасы іске қосылды
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұстаз» ұлттық платформасы кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Бұл жүйе педагогтердің біліктілігін арттыру мен аттестациялау процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда платформада «педагог-модератор» және «педагог-эксперт» біліктілік санаттарына үміткер ұстаздардың алғашқы аттестация кезеңі өтіп жатыр.
150 мыңнан астам педагог жаңа жүйеден өтеді
2025 жылы шамамен 150 мың қазақстандық педагог осы платформа арқылы аттестациядан өтеді деп жоспарланып жатыр.
Жаңа жүйе педагогтердің біліктілігін әділ бағалап, аттестацияны ашық әрі тиімді өткізуге бағытталған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі кейінгі бес жылда педагогтердің жалақысы 100%-ға өскені туралы мәлімдеген еді.