Lifestyle

Назарбаева, Машкевич, Рақышев “Астана Опера” театрының Қамқоршылық кеңесінен шығарылды

«Астана Опера» театрының Қамқоршылық кеңесінің өзгерді / фото: shutterstock

Қазақстан Үкіметі «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының Қамқоршылық кеңесінің құрамына өзгерістер енгізді.

Кеңес құрамынан кімдер шықты?

Қамқоршылық кеңестен сегіз адам шығарылды, олардың қатарында: Дариға Назарбаева, Тимур Құлыбаев, Александр Машкевич, Алмасадам Сәтқалиев, Нұрлан Смағұлов, Патох Шодиев бар.

Кеңеске кімдер енді?

Жаңартылған кеңес құрамына: Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек кірді. Сондай-ақ, Раимбек Батталов, Шухрат Ибрагимов, Бахаридин Аблазимов и Хойтинг Сегер сияқты бизнес өкілдері кірді.

Үкіметтің мәліметінше, бұл өзгерістер Қамқоршылық кеңестің құрылымын жаңарту және кадрлық өзгерістермен байланысты енгізілген.

Сонымен қатар, 11 наурызда «Астана Опера» театрының жаңа директоры болып журналист Александр Совостьянов тағайындалды.