Қазақ қоғамы байлықты әлі жамандық синонимі деп түсінеді – Айдос Сарым

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General News бөлімінің редакторы
Айдос Сарым
Айдос Сарым Кеңес одағының идеологиялық сарқыншақтары туралы айтты / Фото: Ақорда

Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда депутат Айдос Сарым идеологиялық саясаттың қоғамда дұрыс орнықпауының себебін түсіндірді. Айтуынша, қазақ қоғамы Кеңес одағынан бері келе жатқан идеологиялық инерцияның ықпалынан шыға алмаған.

Кеңес одағы тұсынан бері келе жатқан қате ұғымның бірі – байлыққа қатысты қазақ қоғамының көзқарасы. Депутат байларға қатысты қоғам пікірі сол Кеңес одағы тұсындағы деңгейде қалып қойғанын айтады.

«Ұзақ жылдар бойы байлықты, бай атаулыны жамандықтың синонимі деп түсінген қоғамда нарық туралы әртүрлі кереғар пікірлер қалыптасты. Мұның кейбір қайшылықтары мен сарқыншақтарын әлі күнге дейін көріп келеміз. Бүгінде Совет заманы керемет таза, ізгі кезең дейтін нарратив қалыптасты. Ал шын мәнінде біздегі қылмыстар, қылмыстық сана да, жемқорлық та, парақорлық та Совет кезеңінен басталып, жалғасып, үдеп кеткен құбылыс. Оларға нарықтық экономиканың да, демкоратияның да ешқандай қатысы жоқ», – деді Сарым.

Сонымен бірге депутат Совет кезеңінен бері қалыптасқан ауыл мен қала арасындағы қақтығыс әлі күнге дейін сақталып қалғанын да атап өтті.

«Мұның бәрі идеологияның қателіктері», – деді депутат.

Айдос Сарым ескі кезеңнің сарқыншықтарынан айырылу үшін жаңа идеология мен құндылықтарды қалыптастыру қажет екенін айтты. Ол үшін 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын ішкі саяси доктрина қабылдауды ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз