Шымкентте Наурызға орай қандай мерекелік шаралар ұйымдастырылады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
наурыз Шымкентте
Наурыз мерекесіне орай Шымкентте бірталай мерекелік шаралар ұйымжастырылады

Наурызнама онкүндігі бүгін, 14 наурыз күні Амал күнімен басталды. Наурыз мерекесіне орай елдің ірі қалаларының бірі – Шымкентте бірталай шаралар ұйымдастырылады. Қала әкімдігінің бастамасымен қала тұрғындары мен қонақтарына 14-3 наурыз аралығында концерттер мен жірмеңкелер, көрме мен жыр фестивальдері өткізіледі.

14 наурыз – Көрісу күні

14 наурыз күні Шымкенттің Астана алаңында сағат 11:00-13:00 аралығында мәдениет саласының өкілдерімен көрісу жоралғысы ұйымдастырылады. Ордабасы ауданы, «Шәмші» аллеясында күндізгі сағат 11:00-15:00 арылығында – Түркістан облысы мен Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдерінің көрісу жоралғысы өткізіледі.

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Бұл күні шаһар аумағында – «Мейірім жүректен» акциясы өтеді. Акция аясында отбасыларға баспана кілттері табысталып, түрлі жәрмеңкелер қтеді. Балалар үйлерінің тәриеленушілері үшін мерекелік концерттер мен цирк қойылымдары ұйымдастырылады.

16 наурыз – Шаңырақ күні

Қошқар ата өзені бойында сағат 11:00-де «Қошқар ата сейілі», ұлттық көрмелер мен спорттық жарыстары ұйымдастырылады. Ал Арбат демалыс аймағында – «Бақытты жанұя» іс-шарасы өтеді. Бұл күні перзентханаларда – жаңа туған сәбилерге «Наурыз-базарлық» сыйлықтарын табыстау жоспарланған.

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

17 наурыз күні сағат 11-де Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде Республикалық «Күміс қалам» жас ақындар мүшайрасы өтеді.

18 наурыз – Ұлттық киім күні

Сағат 11:00-де Астана алаңында ұлттық киім фестивалі, отандық дизайнерлер көрмесі ұйымдастырылады.

19 наурыз – Жаңару күні

Жаңару күніның құрметіне орай Шым сити шағынауданынла – «Таза өлке» және «Рахмет, Жер ана!» экологиялық акциясы өткізіледі. Акция аясында қалада 1000 түп ағаш көшеттері отырғызылады.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні қаладағы спорт алаңдарында түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, ұлттық ойындар мен жарыстар өткізіледі.

21 наурыз – Ұлыстың ұлы күні

Бұл күні Астана алаңы мен қала аудандарында, сағат 10:00-ден бастап мерекелік шаралар қткізіле бастайды. Күні бойы концерттер ұйымдастрылып, этноауыл ашылады, қолөнер көрмелері ұйымдастырылады.

Ал кешкі сағат 19:00-де Астана алаңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

22 наурыз – Жыл басы

Мереке күніне орай сағат 10:00-дһге «Бесікке салу» дәстүрі, 14:00-ге – «Жарамазан Fest» республикалық байқауы жоспарланған.

23 наурыз – Тазару күні

Наурызнаманың соңғы күнінле қала аумағында сенбіліктер ұйымдастырылып, аулалар мен көшелер тазаланады.

Айта кетейік, Наруызнама онкүндігінде Астанада да бірталай іс-шаралар өткізеледі.

Сондай-ақ оқыңыз