Құрылтайдан халық не күтеді – сарапшылар пікірі

Бүгін Бурабайда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен IV Ұлттық құрылтай өтеді. Құрылтайда қандай мәселе талқыланады? KursivMedia тілшісі сарапшылардың пікірін білді.
Расул Рысмамбетов, қаржы сарапшысы, экономист:
– Біз құрылтай, мәжіліс, сарапшылар қауымы арқылы Қазақстанның алдағы 20 жылға даму бағдарламасын айқындаймыз. Осы нәрсе бізде жолға қойылмаған. Қазақстан шағын ел. Әлемдік экономикада дауыл басталса, біздің елді де сілкіп түсіреді. Сондықтан, еліміз өз ішінде осы мәселені шешетін тетік ойлап табуы керек. Әйтпесе, әлемдегі түрлі құбылыстарға үнемі алаңдап отыруға мәжбүр боламыз. «Трамп айтты», «Путин айтты», «Араб шейхы айтты» дегеннің бәріне елеңдеп отыра алмаймыз. Осы орайда президенттің, мемлекеттік аппараттың басты міндеті басқа нәрсеге алаңдамай, Қазақстан халқының көңілінен шығу деп айтар едім. Ал құрылтайда халықтың жайлы өмір сүруі үшін түрлі шешімдер айтылуы мүмкін. Өкінішке қарай, халық мемлекетке сене бермейді, қоғамның билікке сенбеуге құқы бар. Сол жағына мән берген жөн.
Андрей Чеботарев, саясаттанушы:
– Ұлттық құрылтай күн тәртібіне қоғамда жүріп жатқан маңызды бір мәселе талқыланады. Бұл мәселені президент қозғайды. Бірақ президент қандай да бір мәселені шығармас бұрын қоғамда не болып жатқанын осы сала мамандарынан тыңдап, біліп алады. Не жасалды, не жасалмады толық хабар алады. Ал біздің яғни ұлттық кеңестің міндеті – осы мәселеге қатысты қандай шаралар жүріп жатқанын жеткізіп, соны жүзеге асыруға атсалысу, түрлі шешімдер ұсыну. Құрылтайға әр саланың, әр партияның, бизнес саласының өкілдері қатысады. Сондықтан да құрылтайдың күн тәртібіндегі мәселені шешудегі рөлі зор дер едім.