Армения мен Әзербайжан бейбіт келісім бойынша барлық ұсынысқа келісті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Армения ҰҚШ
Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Армения Әзербайжанның бейбіт келісімнің келісілмей қалған екі тармағы бойынша ұсыныстарын қабылдады деп хабарлайды DW.

«Армениямен бейбіт келісім мәтіні бойынша келіссөздер процесі аяқталды», – деп мәлімдеді бейсенбі, 13 наурыз күні Әзербайжанның сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов.

Армения Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, «екі ел бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы келісімге» қол қоюға дайын.

Бұған дейін Армения мен Әзербайжан бейбіт келісімнің 17-бабының 15-ін мақұлдаған еді. Тек екі тармақ қана келісілмей қалды. Олар: халықаралық соттарға өзара талаптардан бас тарту және шекарада үшінші күштердің орналастырылмауы.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян бұл құжатты «ымыралы келісім» деп атады, өйткені онда екі тармақ бойынша белгілі бір жеңілдіктер қарастырылған. Оның айтуынша, бейбіт келісім мәтінінде Армениядағы ЕО бақылаушылары туралы ескерту жоқ, бірақ үшінші елдердің күштерін орналастырмау туралы ереже бар.

«Бұл құжат күшіне енгеннен кейін, Армения да, Әзербайжан да бүкіл шекара бойында үшінші елдердің әскери күштерін орналастырмауы керек дегенді білдіреді», – деп түсіндірді ол.

Осы жылы Армения тағы бір маңызды шешімді талқылап жатыр. Ел парламенті ЕО-ға кіру туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Сондай-ақ оқыңыз