
Солтүстік Македониядағы түнгі клубта шыққан өрттен 51 адам қаза тапты, 100-ден астам адам жарақат алды. Бұл туралы Reuters жазды.
Қайғылы жағдай 16 наурызға қараған түні Солтүстік Македонияның Кочани қаласындағы түнгі клубта болған. MIA агенттігі осы оқиғаға байланысты полицияның клуб иесін ұстағанын хабарлады.
Елдің денсаулық сақтау министрлігі 150-ге тарта адамның ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді. Ішінде 27 адамның қатты күйік шалғаны белгілі.
Жалпы жарақат алғандардың арасында кәмелетке толмағандар да бар.
Елдің ішкі істер министрінің айтуынша, өрт «пиротехникалық заттан» шыққан.