Банк пен қаржы

«ҚазТрансОйл» Қазақстан мұнайын экспортқа балама жолмен тасымалдауға дайын

«ҚазТрансОйл» балама жолмен экспортқа мұнай тасымалдауға дайын/ Фото: shutterstock

«ҚазТрансОйл» («ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес ұйымы) Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай тасымалдауда қиынды туындаса, қосымша мұнайды экспортқа жөнелтуге дайын. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» компаниясының тасымалдау жөніндегі бас директорының орынбасары Абай Бейсембаев мәлімдеді. Оның айтуынша, мұнайды Атырау – Самара құбыры арқылы экспорттауға болады.

Ал «Кропоткинская» мұнай айдау станциясына жасалған шабуылға қатысты түсініктеме беруден бас тартқан Бейсембаев бұл мәселені КҚК-ға жолдаған дұрыс болатынын айтты. Дегенмен, «ҚазТрансОйл» компаниясы техникалық тұрғыдан мұнайдың белгілі бір көлемін қабылдап, оны Атырау – Самара құбыры арқылы тасымалдауға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар, ол Теңіз және Қашаған кен орындарындағы мұнай өндіру көлемінің азаюы «ҚазТрансОйл» жұмысына қалай әсер ететінін түсіндірді. Оның сөзінше, компания Ақтау порты арқылы жылына 1,5 млн тонна мұнай тасымалдайды. Егер өндіріс төмендесе, бұл «ҚазТрансОйл» жұмысына қатты әсер етпейді, себебі негізгі өзгерістер КҚК бағыты бойынша жүреді.

Бұдан бөлек, компания техникалық тұрғыдан Ақтау порты арқылы мұнай экспорты көлемін арттыруға дайын, бірақ бұл шешім энергетика министрлігі мен мұнай өндіруші компаниялардың өтінімдеріне байланысты болады. Қазақстан мұнайын Қытайға экспорттау мәселесінде де «ҚазТрансОйл» осындай ұстанымда.

17 ақпанда КҚК «Кропоткинская» мұнай айдау станциясына жеті дрон шабуыл жасалғанын хабарлады. Алайда, Энергетика министрлігі КҚК арқылы қазақ мұнайын тасымалдау қалыпты режимде жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, КҚК 2024 жылы теңіз терминалы арқылы мұнай тиеу көлемін 63 млн тоннаға дейін төмендететінін, бұл 2023 жылғы 63,474 млн тоннадан 0,73%-ға аз екенін хабарлады.

Бұл құбыр арқылы Қазақстан мұнайының пайызы тасымалданады.