Авто

Zeekr шығаратын автоимперия табысы үш есе көбейді

Қытайдың Zeekr электромобильдері Қазақстанда жақсы сатылып жүр / фото: REUTERS/Florence Lo

2024 жылы Қытайдың Geely компаниясы 2,3 млрд доллар таза табыс тапты. Zeekr мен Lynk & Co брендтеріне ие компания былтыр 2,1 млн көлік сатты. Автоимперия есебін Bloomberg жариялады.

Жыл есебі сарапшыларды таңқалдырды

Миллиардер Ли Шуфудың автоимпериясы Гонконгте 2024 жылдың қорытындысын жариялады. Компанияның таза табысы бір жылда 213%-ға, яғни 2,3 млрд долларға артқан.

Автомобиль саудасы да 32%-ға ұлғайып, 2,1 млн автокөлікке жеткен. Олардың ішінде Zeekr және Lynk & Co брендтері де бар.

Xinguan секілді хэтчбектері де тұтынушылар көңілінен шықты. Ол бірнеше айда бәсекелесі BYD шығаратын Seagull-ді басып озды.

«Бәсекенің күшті болуы, Қытай автомобиль нарығы сәл бәсеңдеуіне қарамастан, 2024 жылы 32% өсімге жете алдық», – деп мәлімдеді компания.

Компанияның шетелге экспорттауы көрсеткіші де 43%-ға артқан. Былтыр Geely сыртқа 400 мыңнан аста автокөлік сартқан. Соған қарамастан, автоимперия Еуропа, Түркия және Канада нарықтарында баж салығына байланысты қиыншылық көріп жатыр. Қытай автоөндірушілер АҚШ нарығына бойлап кіре алмай отыр. Себебі Дональд Трамп қытай автокөліктері үшін баж салығын бірден 100%-ға өсіріп жіберді.

Zeekr шығаратын компания бәсекеге шыдай ма?

Әзірге Қытай автонарығын BYD бастап келеді. Geely соны қуып жетуге талпынып жатыр. Соған байланысты Zeekr бренді енді қымбат, ал Lynk & Co. арзанырақ көліктер шығаруға ден қояды.

Geely компаниясының автонарықтағы бәсекелестері де қарап отырған жоқ. Мәселен, жақында ғана BYD электромобильді бар болғаны бес минутта қуаттайтын құрылғыны таныстырды. Енді электрокардың бензинмен жүретін автомобильден ешқандай кемшілігі жоқ.

Бұл уақытта Mercedes-Benz биыл жазда саудаға түсетін жаңа CLA электромобиль седанын таныстырып, Tesla-ны Еуропа автонарығынан түпкіліпті ығыстырып шығаруды көздейтінін мәлімдеді. Mercedes-Benz CLA бағасы мен басты ерекшелігін Kursiv.Media мақаласынан оқыңыз.