
Астана-Қарағанды учаскесінде жеке компанияның жолаушылар пойызы өртенді. Бұл туралы «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«22 наурызда сағат 11.13 шамасында Астана-Қарағанды темір жолының учаскесінде Алматыдан Қостанайға шыққан «Түрксіб Астана» жеке тасымалдау компаниясының №44 жолаушылар пойызында өрт шыққан», – делінген хабарламада.
Ақпаратқа сүйенсек, пойыз жолаушылары мен қызметкерлері зардап шекпеген, вагон пойыздан ажыратылған.
Оқиға орнына Астана станциясынан өрт сөндіру пойызы жіберілген. Өрт теміржолшылар мен ТЖД күштерімен өшірілген.
«Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталуда», – делінген хабарламада.