
Автокөлік нарығы жыл сайын өзгеруде. Дәстүрлі көшбасшылар сатылымның төмендеуін хабарлауда, ал қытайлық брендтер өз позицияларын нығайта түсті. Focus2move агенттігі 159 елдің нарығын зерттеп, 2025 жылдың басындағы ең көп сатылған автокөлік брендтерінің рейтингін жариялады.
Әлемдегі ең көп сатылған 10 автокөлік бренді қандай?
Көш басында Toyota компаниясы. Аталған бренд 706 544 көлік сатқан. 2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда көрсеткіш -6,6% төмендеген.
1. Toyota – 706 544 көлік (-6,6%)
2. Volkswagen – 395 777 көлік (-4,3%)
3. Honda – 277 991 көлік (-22,5%)
4. Ford – 270 437 көлік (-5,4%)
5. Hyundai – 263 208 көлік (-9,8%)
6. Nissan – 226 543 көлік (-14,1%)
7. Kia – 219 302 көлік (-3,7%)
8. Chevrolet – 213 008 көлік (-5,5%)
9. BYD – 208 713 көлік (-4,7%)
10. Geely – 190 557 көлік (+26,5%)
Әлемдік автонарықтағы негізгі үрдістер
Жаһандық нарықтағы бірнеше өзгерісті атап өтуге болады:
Біріншісі, Toyota көшбасшылықты сақтап қалды, бірақ сатылым көлемі төмендеді. Екіншісі, Honda өз позициясын жоғалта бастады, әсіресе, Қытай нарығында, өйткені қытайлық тұтынушылар электр көліктеріне көбірек қызығушылық таныта бастады.
Үшіншіден, Geely мен BYD динамика көрсетіп келеді, ал басқа брендтер керісінше сатылымның азаюын хабарлады.
Қытайлық автокомпаниялар жаһандық нарықта өз орындарын нығайтып келеді. Geely төрт сатыға жоғары көтерілсе, BYD сатылым азайғанына қарамастан, үздік ондықта қалды.
Қазақстанда ең танымал автокөлік брендтері қандай?
Қазақстандағы автонарық та өзгеруде. Бұрын жапондық және корейлік брендтер көшбасшы болса, қазір қытайлық автокөліктерге сұраныс артып келеді.
Қазақстандағы ең көп сатылған 5 автокөлік бренді (2025 жылдың басындағы көрсеткіш бойынша):
- Hyundai – қолжетімділігі мен сенімділігінің арқасында көшбасшылықты сақтауда.
- Toyota – жол талғамайтын көліктер мен седандар сегментінде сұранысқа ие.
- Chevrolet – қолжетімді көліктер саласында қазақстандық жүргізушілер арасында танымал.
- Kia – әртүрлі модельдерімен және қолайлы бағасымен нарықтағы орнын нығайтуда.
- Chery мен Haval – қытайлық брендтер жылдам қарқынмен нарықтағы үлесін арттыруда.
Қазақстанда қытайлық көліктер неге танымал бола бастады?
Бұның бірнеше себебі бар. Мәселен:
Бастысы – бағасы тиімді. Қытайлық автоөндірушілер заманауи көліктерді жапондық және еуропалық брендтерден төмен бағамен ұсынуда. Сонымен қатар жаңа технологиялар бойынша. Қытайлық автокөліктерге бұрын тек премиум сегментте ғана болған заманауи жабдықтар орнатыла бастады.
Электр және гибридті көліктерге сұраныс артты. BYD, Chery, Haval сияқты брендтер Қазақстанға гибридті және электр көліктерін әкеліп, тұтынушылар қызығушылығын арттырып отыр.
Бұған қоса бұл брендтер қазақстандық жағдайға бейімделген. Қытайлық көліктер еліміздің климаттық және жол жағдайларына сай жасалуда.
Болашаққа болжам
Сарапшылардың айтуынша, қытайлық брендтер, әсіресе, кроссоверлер мен электр көліктер сегментінде өз үлесін ұлғайта береді. Егер бұл үрдіс сақталса, алдағы бірнеше жылда қытайлық автокомпаниялар Қазақстанда ғана емес, әлемдік нарықта да көшбасшы болуға жақындайды. Қытайлық автоөндірушілер дәстүрлі автоконцерндерді нарықтан ығыстыра ала ма? Бұл да бірнеше жылда айқындалатын маңызды сұрақ.
Еске сала кетсек, 2025 жылы ел нарығына тағы бір қытайлық автобренді келмек. Ол Geely және Zeekr-мен байланысы бар Lynk & Co бренді. Өндіруші елімізде ресми диллерлік орталығын ашады. Бастапқыдасатылымға екі модель шығарылады. Атап айтқанда, диллер Lynk & Co 03 седаны мен Lynk & Co 09 кроссоверін таныстырмақ.