Lifestyle

Жерар Депардьенің үстінен сот процесі басталды

Жерар Депардье / Фото: Alexis Sciard | Scanpix

Парижде француз актері Жерар Депардьеге қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Оны сексуалды қысым жасады деп айыптайды.

Айыптаушы тараптың мәліметінше, оқиға 2021 жылы «Жасыл терезе жапқыштары» фильмі түсірілімі кезінде болған. Амели К. есімді суретші-декоратор Депардье оған сексуалдық сипаттағы ескертулер жасап, қол тигізіп, аяқтарының арасына қысып алғанын айтты. Оның сөзінше, актер оны жамбасынан, кеудесінен, белінен және бөксе аймағынан ұстаған.

«Ол мені қорқытты, күлді және есінен адасқан адам сияқты көрінді», – деді суретші сотқа.

Жерар Депардье бұл айыптарды жоққа шығарып отыр. Ол дөрекі қалжыңдағанын мойындағанымен, өзін нашар сезінгенін айтады. Әрекетінде сексуалды астар болмағанын және өз салмағына байланысты кейбір әрекеттерді жасауға мүлдем қауқарсыз болғанын екен. Депардьенің сөзінше, ол әйелді құлап кетпес үшін жамбастан ұстаған.

«Мен оның жамбастан ұстадым, өйткені құлап кеткім келмеді. Мен оған және ыстыққа ашулы болдым. Бұл жұма күні еді, ауысымның соңы, қатты шаршағанмын», – дейді ол.

Актер осы айыптауларға байланысты мансабында үзіліс жасады. Егер сот оны кінәлі деп тапса, бес жылға дейін бас бостандығынан айырып, 75 мың еуро (шамамен 40,1 млрд теңге) айыппұл төлеткізуі мүмкін.

Бұған дейін Жерар Депардье 79 жастағы италиялық фотограф Рино Бариллариді соққыға жықты деп айыпталған.